
ЖАРЫС МАЙРАГУЛЬ
Лауазымы: мектеп директоры
Жасы: 50
Негізгі білім: қазақ тілінде оқытылатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиет пәнінің, бастауыш сыныптың мұғалімі.
Санаты: педагог- зерттеуші
Жалпы педагогикалық өтілі: 29
Жалпы басшының өтілі: 1
Марапаттар мен ерекшеліктер: Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің грамоталары.
Басшының үнеуі
Құрметті ата-аналар!
Федоров ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Успенов жалпы білім беретін мектебі» КММ-де оқушылар саны 94 оқушыны, МАД сыныбында 14 оқушыны құрайды. Мектепте 34 педагогтан тұратын шығармашылық, ұйымшыл ұжым жұмыс істейді. Оның 31 (97%) жоғары білімді. 87,1 % санатталған мұғалімдер: 1 мұғалім педагог-шебер, 5-педагог-зерттеуші, 5- педагог-сарапшы, 15 педагог-модератор. Оқу үлгерімінің сапасы 100% үлгеріммен 67% құрайды. Барлық педагогтар ҚР орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында біліктілікті арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша білім алды. 10 мұғалім ерекше білім беруді қажет ететін балалармен жұмыс істейді. 2 мұғалім жоғары білім алу үшін сырттай оқуда. "Шығармашылық үйі" КММ және Балалар мен жасөспiрiмдер спорт мектебінен 8 қосымша білім беру үйірмесі жұмыс істейді. Аудандық КТК ойынына және пікірсайысқа белсенді қатысамыз. «Мектепке жол» және «Қамқорлық» акциясы жыл сайын өткізіледі. Мектепте барлық санитарлық-гигиеналық талаптарға сай биология, информатика кабинеттері, мультимедиялық кабинеттер бар. 5 кабинетке проекциялық жабдық орнатылған. Сабақтар екі ауысымда өтеді. Көп балалы отбасылардан шыққан барлық оқушыларға ыстық тамақ беріледі және қорғаншылықтағылар жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тегін тамақтанады. Білім алушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыту үшін барлық жағдайлар жасалған. Оқушылардың жыл сайынғы іргелі пәндер бойынша халықаралық олимпиадаға, «Золотой руна» ойын сайысына, «Ақбота» республикалық зияткерлік ойынына, «Орыс қонжығы», түрлі деңгейдегі жарыстарға қатысуы жүлделі орындарды алып келеді. «Зерде» ғылыми-практикалық конференциясына, облыстық эссе байқауларына, жалпы білім беретін олимпиадаларға, жыл сайынғы «Триумф» балына қатысу тәжірибем бар. Жеңіл атлетика, баскетбол, волейбол, оқ ату, шаңғы тебу, тоғыз-құмалақ сияқты спорт секцияларының жұмысының нәтижесінде спорттық шараларда да жетістіктер бар. Мектепте әр сыныпта Қамқоршылық кеңесі мен Әкелер кеңесі, жоғары сынып оқушыларының кеңесі, өзін-өзі басқару органдары бар.
ЖАРЫС МАЙРАГУЛЬ
Должность: Директор школы
Возраст: 50 лет
Базовое образование: Казахский язык и литература в шолах с казахским языком обучения, начальные классы.
Категория: педагог- исследователь
Общий педагогический стаж: 29 лет
Общий стаж руководителя: 1 год
Награды и отличия: Грамоты отдела образования акимата Федоровского района
Обращение руководителя
Уважаемые родители!


